Румынияда жағалаудан 150 келі кокаин табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Румынияда жағалаудан 150 келі кокаин табылды

09.04.2019

Румыния жағалауына 150 келіден астам кокаин салынған бірнеше пакет шығып қалған. Тыйым салынған зат Константа қаласындағы порт жағажайынан табылған. Осыған орай, полиция тұрғындардан күдікті пакеттерді ашпауды сұрайды. Өйткені, олар денсаулыққа қауіп тудыруы мүмкін, дейді. Қазір есірткінің суға қалай түскені, қайдан жеткізілгені және қайда тасымалданбақ болғаны анықталып жатыр.  

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу