АҚШ президенті Дональд Трамп басы дауға қалған Джо Байденге сәттілік тіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ президенті Дональд Трамп басы дауға қалған Джо Байденге сәттілік тіледі

04.04.2019

АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Джо Байден Демократиялық партия атынан алдағы президент сайлауына қатыспақ. Ал, соңғы күндері америкалық төрт әйел Байденнің құшақтап, өздерін ыңғайсыз жағдайға қалдырғандарын айтты. Дегенмен, саясаткер бұл әрекеттерді оғаш көрмейтінін, тек оларға қолдау білдіргендерін айтып, ақталды.

Бұған дейін Трамп та сайлауалды науқан барысында әйелдерге қатысты дөрекі сөзі үшін келеңсіздікке тап болған еді. Кейін халықтан кешірім сұрап, кінәсын мойындаған.

АҚШ-та келесі президент сайлауы 2020 жылы өтеді. Сондықтан бәсекелестер бір-бірінен мін іздеп, кінә тағуға дайын.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу