Стамбулда дауыстар қайта саналады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Стамбулда дауыстар қайта саналады

03.04.2019

Түркия сайлау комиссиясы Стамбулдың 39 ауданының сегізінде берілген дауыстарды қайта санау туралы шешім шығарды. Жексенбі күні елде өткен муниципиалдық сайлауда оппозиция аз ғана айырмашылықпен мемлекет астанасы Анкарамен бірге осы қалада да жеңіске жеткенді. Кейбір сарапшылардың пікірінше, бұл жеңіс президент Реджеп Тайып Ердоған мен оның «Әділет және даму» партиясы үшін үлкен соққы.

«Рейтердің» хабарлауынша, Стамбул мен Анкара жұртының Республикалық халық партиясының кандидатына дауыс бергені ресми түрде расталса, екі алып мегаполистің 6 миллиард долларға жуық бюджеті оппозицияның бақылауына өтеді. Ал, мұндай жағдай Ердоғанның елді экономикалық рецессиядан шығару әрекеттерін қиындатады деген болжам бар.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу