Санкт-Петербургтегі Можайский атындағы әскери-ғарыш академиясында жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Санкт-Петербургтегі Можайский атындағы әскери-ғарыш академиясында жарылыс болды

03.04.2019

Санкт-Петербургтегі Можайский атындағы әскери-ғарыш академиясында жарылыс болып, 4 адам зардап шекті. Жараланғандар дереу ауруханаға жеткізілген. Қазір оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Қорғаныс министрлігінің айтуынша, әкімшілік ғимараттың екінші қабатында белгісіз зат жарылған. Одан баспалдақтар опырылып, 20 шақты адам сыртқа шыға алмаған. Қазір оқиға орнында құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп, істің мән-жайын анықтап жатыр. 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу