Непалда толассыз жауған жауыннан 25 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Непалда толассыз жауған жауыннан 25 адам қаза тапты

02.04.2019

400-ге жуық адам жараланып, ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Непалдың премьер-министрі Кхадга Парасад Шарма Оли хабарлады.

Табиғи апат үйлерді қиратып, үйіндіге айналдырған. Ал, Бара округының билігі қаза тапқандар саны артуы мүмкін деп отыр. Себебі құтқарушылар жоғалған адамдарды әлі де іздестіріп жатыр. Непалда көктем мезгілінде жауын-шашын жиі болады. Сондықтан су тасқыны мен табиғи апат қаупі де күшейе түседі.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу