Венесуэлада 30 күндік тарифтік жоспар жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Венесуэлада 30 күндік тарифтік жоспар жарияланды

01.04.2019

Венесуэла президенті Николас Мадуро елді электр жарығымен қамтамасыз ету үшін 30 күндік жоспар жариялады. Бұл туралы ол мемлекеттік телеарна эфирінен айтты. Алдағы айда жұмыс күні қысқартылып, мектептер жабылады. Осылайша, энергияны ұтымды пайдаланып, аймақтарды сумен қамту көзделіп отыр.

Қазір жарық 23 штаттың 20-да жоқ. Оған кибершабуылдар, гидроэлектр станциясындағы өрт себеп болуы мүмкін. Бұл жағдайларға әбден ашынған халық жаппай шерулерге шығып жатыр. Олар көшелерге от қойып, үкіметке қарсы наразылықтарын күшейтті. Тұрғындар азық-түліктерін сақтай алмай, жеуге тамақ таппай қалғандарына шағымданып жатыр.

 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу