Иранда су тасқынынан 19 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранда су тасқынынан 19 адам қаза тапты

26.03.2019

Иранда су тасқынынан  кемінде 19 адам қаза тауып, 100-ден астамы жараланды. Мұны жергілікті билік хабарлады. Бір апта бойы жауған нөсерден үлкен өзендер арнасынан тасып кеткен. Нәтижесінде мыңдаған үй қирап, жолдар бұзылды. Ал, елдің оңтүстігіндегі Шираз қаласы суда қалды. Сондықтан, оған  құтқарушылар көмекті тікұшақпен жеткізуге мәжбүр.

Қазір түгелдей су басқан ауылдардың саны 300-ге жетіп отыр. Тасқынның күштілігі соншалық, ол көліктерді шайып әкетіп, жол бойына үйіп тастаған. Сонымен қатар, мыңдаған адам үйлерін тастап, қауіпсіз жерге көшірілді. Ауа райы болжамы бойынша, толассыз жаңбыр енді елдің солтүстігі мен шығысына ойысады. Сондықтан, ол аймақтарда сақтық шаралары күшейтіліп жатыр.

 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ 

 

Хабарламаларға жазылу