Гүлнар Каримова үй қамауынан түрмеге қайта жіберілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гүлнар Каримова үй қамауынан түрмеге қайта жіберілді

06.03.2019

Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнар Каримова үй қамауынан түрмеге қайта жіберілді. Яғни, ол жазасын әрі қарай жалпы режим колониясында өтейді. Бұл туралы Өзбекстанның Бас прокуратурасы мәлімдеп отыр.

Гүлнар Каримоваға 2017 жылы желтоқсанда ақша бопсалау және салықтан жалтару істері бойынша айып тағылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Кейін бұл үкім бостандықты 5 жылға шектеуге ауыстырылған. Сот шешімі бойынша Каримоваға тұрғылықты жерінен кетуге, байланыс құралдарын, интернетті пайдалануға тыйым салынды. Алайда, сотталушы бұл талаптарды өрескел бұзған. Сондай-ақ, ол залалды өтеуге белсенді түрде қарсылық білдірді. Айта кетсек, Гүлнар Каримованың қылмыстық істері бойынша мемлекетке 2 миллиард долларға жуық шығын келтірілген.

Жансая АЛЬЧЕМБАЕВА

Хабарламаларға жазылу