АҚШ президенті Дональд Трампқа қарсы тергеу қайта басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ президенті Дональд Трампқа қарсы тергеу қайта басталды

05.03.2019

Ақ үй басшысы сыбайлас жемқорлық және билікті асыра пайдаланды деген күдікке алынған. Тергеуді өкілдер палатасының демократ Джеррольд Надлер басқаратын заң комитеті жүргізіп жатыр. Оның аясында конгресс Ресей президенті Владимир Путинмен байланысы бар кәсіпкер Евгений Пригожин мен миллиардер Виктор Вексельбергтің компаниясының құжаттарын сұратқан. Бұған қоса, тергеуге Трамптың Ресей президентімен келіссөздері жайында ақпарат та қажет.

Айта кетсек, Трампқа қатысты істің қайта жандануына оның бұрынғы заңгері Майкл Коэннің конгрессте Ақ үй басшысына қатысты бірқатар заңсыз істің басын ашуы түрткі болған.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу