Австралияда орман өрті үйлерді шарпып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияда орман өрті үйлерді шарпып жатыр

04.03.2019

Австралияның Виктория штатында төтенше жағдай. Өрт сөндірушілер демалыстан бері тілсіз жаумен күрес жүргізіп жатыр. Өңірде 25 от ошағы тіркелген. Өткен түнде салқын леп өрт сөндірушілердің жалынмен күресін әлдеқайда жеңілдетті. Ал, бұған дейін ыстықтан өрт тіпті өршіп, штатта 9 ғимарат отқа оранған еді. Күлге айналған нысандардың арасында жергілікті жерде танымал Кларк отбасының шарап шығаратын кәсіпорны да бар.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу