Венесуэла мен Бразилия шекарасындағы қақтығыстан 25 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Венесуэла мен Бразилия шекарасындағы қақтығыстан 25 адам қаза тапты

25.02.2019

100 шақты адам жараланған. Бұл туралы Гран-Сабана муниципалитетінің мэрі мәлімдеп отыр. Қақтығысқа Мұнай экспорттаушы елдер ұйымынан келген гуманитарлық көмек себеп болған. Әскерилер сол жәрдемді елге кіргізуді талап еткендердің жолын бөгеп, көзді жасаурататын газ бен қару қолданды.

Ал, президент Николас Мадуро халықаралық көмектен үзілді-кесілді бас тартып, елдегі экономикалық дағдарысты жоққа шығарып отыр. Бірақ оппозицияға сенсек, Венесуэла дүкендерінің сөрелері босап, үкімет тарапынан берілетін азық-түлікке ұзын-сонар кезек түзілген. Сондай-ақ, ауруханаларда дәрі-дәрмек пен қажетті жабдық жетіспей жатыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу