Нью-Йоркте ойыншықтар жәрмеңкесі өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нью-Йоркте ойыншықтар жәрмеңкесі өтіп жатыр

20.02.2019

Әнші құбыжықтар, кино кейіпкерлерінің ойыншық бейнесі мен түрлі жинақтар. Балаларға арналған бұл жаңашылдықтарды Нью-Йоркте басталған ойыншықтар жәрмеңкесінен көруге болады. Танымал «Лего» компаниясы «Ойыншықтар оқиғасы 4» жаңа жиынтығын ұсынып, өзінің «Жұлдыздар соғысы» желісінің 20 жылдық мерейтойын атап өтті. Ал, «Хасбро» компаниясы танымал «Монополия» ойынының жаңа үлгісін таныстырды.

Биыл ойыншықтар бизнесі бір жыл бұрынғы банкроттықтан айыға бастады. Былтыр америкалық тұтынушылар бұл салаға 22 млрд доллар жұмсаған. Салыстыра кетсек, аталған сома одан алдыңғы жылы жұмсалған қаражаттың жартысына тең екен.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу