Францияда антисемитизмге қарсы шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда антисемитизмге қарсы шеру өтті

20.02.2019

Оған мыңдаған адам қатысқан. Демонстрация Бесінші Республиканың әрбір екінші департаментінде өтті. Ұйымдастырушылардың сөзінше, Париждің Республика алаңына 20 мың адам шыққан. Демонстранттар еврейлерге қарсы өшпенділіктің артқанын айтып, оларға қарсы агрессияны тоқтатуды талап етті.

Сонымен бірге, шаралар қабылданбаса, келешекте бұл ахуалдың дұрысталатынына сенімсіздік білдірді. Жаппай шерулерге «Сары кеудешелердің» еврейлерге қарсы айтқан сөздері, жекелеп айтқанда философ Ален Финкелькраутқа жасалған шабуыл түрткі болған.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу