Израильге қарсы шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израильге қарсы шеру өтті

19.02.2019

Израиль түрмедегі палестиналықтардың отбасыларына төленетін жәрдемақыны 5 пайызға қысқартты. Сондықтан Рамалла қаласының тұрғындары шеруге шығып, бұл шешімге наразылық білдіріп жатыр. Демонстранттардың айтуынша, Израильдің төлемдерді кесуі онсыз да экономикалық дағдарыстан зардап шегіп отырған халықтың тұрмысын тіпті нашарлатады. Алайда, Израиль мен АҚШ-тың мәлімдеуінше, ақшаның көптігі палестиналықтарды еврей мемлекетіне қарсы зорлық-зомбылыққа ынталандырып отыр.

Айта кететін тағы бір жайт, Палестина президентін бейбіт келіссөздерге қайтару үшін Вашингтон Палестина автономиясына бөлінетін қаржыны жүздеген миллион долларқа қысқартқан.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу