Сирияда АҚШ бастаған коалициялық күштер «ДАИШ» позицияларына соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирияда АҚШ бастаған коалициялық күштер «ДАИШ» позицияларына соққы берді

12.02.2019

Сирияда «ДАИШ» тобының соңғы позицияларына қарсы операцияға АҚШ бастаған коалициялық күштер де қосылды. Олардың ұшақтары радикалдық ұйымның бекіністеріне соққы берді. Бұл соғыс Сирияның Дейр-әз-Зор провинциясының Иракпен шекарлас ауданында жүріп жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, ауылдардан дүйсенбі күні 1500-дай бейбіт тұрғын қашты. «ДАИШ» соңғы территориясын қорғау үшін күрд отрядтарына қарсы жүздеген тәжірибелі жиһадшыны қойып отыр.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу