Стамбұл қаласында тікұшақ апатынан 4 әскери қызметкер қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Стамбұл қаласында тікұшақ апатынан 4 әскери қызметкер қаза тапты

12.02.2019

Түркияның Стамбұл қаласы тікұшақ апатқа ұшырап, 4 әскери қызметкер қаза тапты. Бұл туралы қала мэрі Әли Ерликайя мәлімдеді. Тікұшақ Чекмекёй тұрғын үй орамына құлаған. Мерт болғандар мен зардап шеккендер арасында бейбіт тұрғындар жоқ. Ал, апатқа не себеп болғаны белгісіз. Стамбұл прокуратурасы оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Қалада үш айда мұндай оқиға екінші мәрте болып отыр. Қарашада жаттығу кезінде әскери тікұшақ құлап, түрік армиясының 4 сарбазы жан тәсілім еткен еді.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу