Венесуэла үкіметі АҚШ-тан жеткен гуманитарлық көмекті қабылдамады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Венесуэла үкіметі АҚШ-тан жеткен гуманитарлық көмекті қабылдамады

08.02.2019

Венесуэла үкіметі елге АҚШ-тан жеткен гуманитарлық көмекті кіргізбеді. Сондықтан, америкалық көліктер Колумбияның Кукута қаласынан Венесуэла аумағына ене алмай тұр. Оларды кері қайтару үшін Венесуэла шекараға әскер жіберген. Қарапайым тұрғындар болса, АҚШ-тан келген азық-түлік пен дәрі-дәрмекті қабылдауды талап етіп жатыр.

Венесуэланың социалистік билігі мен Вашингтонның арасындағы араздық күшейіп келеді. Айта кетсек, Құрама Штаттар бұл мемлекет оппозициясының лидері Хуан Гуайдоны уақытша президент деп мойындады. Соған ашынған президент Николас Мадуро АҚШ-ты елдің ішкі істеріне араласты деп айыптап, Трамп әкімшілігіне қарсы петиция жариялады. Мадуро сол шағымға 10 миллион адамның қолын жинап, оны Ақ үйге тапсырудан үмітті.

Венесуэла оппозициясының билігін АҚШ-пен бірге Латын Америкасы мен Еуропа одағы елдерінің көпшілігі мойындады. Мадуроны Ресей, Қытай, Түркия, Иран, Куба қолдап отыр.

Венесуэла экономикасы күйреуге жақын. Халықаралық Валюта Қорының болжамынша, бұл мемлекетте инфляция деңгейі биыл 10 миллион пайызға жетуі мүмкін.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу