Түркияда көпқабатты тұрғын үй құлап, 2 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда көпқабатты тұрғын үй құлап, 2 адам қаза тапты

07.02.2019

Түркияның Стамбул қаласында 8 қабатты тұрғын үй құлап, 2 адам қаза тапты. 6 кісі зардап шеккен. Үйінділер астынан тірі қалғандар іздестіріліп жатыр.

Қала мэрінің мәлімдеуінше, үйде барлығы 43 адам тұрған. Ал, оның жертөлесінде заңсыз тігін шеберханасы жұмыс істеп келген. Бұған қоса, 1992 жылы салынған ғимаратты 8 қабатты етіп емес, 5 қабатты етіп салуға лицензия берілген екен. Демек, қалған үш қабаты заңсыз көтерілсе керек. Әзірге үйдің неліктен құлағаны белгісіз. Стамбул прокуратурасы оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу