Еуропа Одағы Ұлыбританиямен «Брексит» жөніндегі келіссөздерді қайтадан жүргізбейтін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа Одағы Ұлыбританиямен «Брексит» жөніндегі келіссөздерді қайтадан жүргізбейтін болды

31.01.2019

Еуропа одағы Ұлыбританиямен ажырасу үшін қайта келіссөз жүргізбейді. Өйткені, бұған дейінгі кездесулер нәтижесінде қабылданған келісім ең үздік және бірегей. Мұны Еуропа комиссиясының президенті Жан-Клод Юнкер Еуропарламентке үндеуінде мәлімдеді.

Айта кетсек, сейсенбі күні британ депутаттары премьер-министр Тереза Мэйдің «Брексит», яғни,  осы корольдікті Еуропа одағынан шығару жайлы жобасын тағы да мақұлдамай, үкімет басшысын Брюссельге қайта келіссөз жүргізуге жіберді. Лондондық саясаткерлерге Ұлыбритания құрамындағы Солтүстік Ирландия мен Еуропа одағына мүше Ирландия арасындағы шекараның болашағына қатысты ережелер ұнамай отыр.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу