Өзін президент деп жариялаған Хуан Гуайдоның Венесуэладан шығуына тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзін президент деп жариялаған Хуан Гуайдоның Венесуэладан шығуына тыйым салынды

30.01.2019

Венесуэланың Жоғарғы соты өзін мемлекеттің уақытша басшысы деп жариялаған оппозиция көшбасшысы Хуан Гуайдоның елден кетуіне тыйым салды. Және оның банктік есепшоттары жабылған. Сонымен қатар, Венесуэланың қазіргі президенті Николас Мадуро үкіметі бұл саясаткерді қаңтардың 22-де басталған билікке қарсы шерулер кезіндегі зорлық-зомбылық оқиғалары үшін тергеуге кірісті. Хуан Гуайдоның билігін қазірдің өзінде Латын Америкасының көптеген елдері мен АҚШ, Канада, Еуропа Одағының бірқатар мемлекеттері мойындады. Ал, Мадуроны Ресей, Қытай, Түркия, Иран, Куба қолдап отыр. Венесуэлада социалистік үкіметке қарсы шерулер осы айда Мадуро президенттік қызметіне екінші рет кіріскеннен кейін басталып, оның соңы полициямен қақтығысқа ұласып, 40 шақты адам қаза тапты.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу