Ауғанстаннан шетел әскері шығарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстаннан шетел әскері шығарылады

28.01.2019

Кабул тұрғындары «Талибан» қозғалысы мен АҚШ жасаған бейбіт келісім жобасына қошемет білдірді. Ол құжатқа сәйкес шетел әскері Ауғанстаннан 18 айдың ішінде шығарылуы тиіс.

АҚШ бастаған коалициялық күштер бұл мемлекетке осыдан 17 жылдан астам уақыт бұрын басып кірді. Сол соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздер Қатар астанасы Дохада алты күн бойы жүргізілген. Оның нәтижесі айтарлықтай жетістік ретінде бағаланып отыр. Дегенмен, ауған үкіметі мен тәліптер арасында бұл мәселе жөніндегі келіссөздер немен аяқталары әзірге белгісіз.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу