Нидерландының Гаага қаласындағы тұрғын үйде газ жарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нидерландының Гаага қаласындағы тұрғын үйде газ жарылды

28.01.2019

Нидерландының Гаага қаласында төтенше жағдай. Мұндағы тұрғын үйлердің бірінде тұрмыстық газ жарылып, 9 адам жапа шекті. Олардың жетеуі ауруханаға жеткізіліп, екеуіне оқиға орнында медициналық көмек көрсетілген. Жарылыстан үш қабатты үйдің қасбеті опырылып, іргелес ғимараттарға да зақым келді. «Олар да кез келген уақытта құлауы мүмкін», дейді құтқарушылар. Жақын маңда тұратын адамдар уақытша жергілікті қоғамдық орталыққа көшірілді. 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу