Ауғанстанда әуе соққысынан 16 адам мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда әуе соққысынан 16 адам мерт болды

25.01.2019

Ауғанстанда әуе соққысынан 16 бейбіт тұрғын қаза тапты. Оқиға Гельманд провинциясының Сангин ауданында жергілікті әскер мен тәліптер бір-біріне оқ жаудырып жатқанда болған. Құрбандардың барлығы – бір отбасының мүшелері. Олардың арасында сегіз бала мен үш әйел бар.

Айта кетсек, 2001 жылы биліктен құлатылған «Талибан» қозғалысы қайта күш алып, бүгінде ел территориясының жартысына жуығын басып алып отыр. Тәліптердің мақсаты – Батысқа арқа сүйеген үкіметті күйретіп, шариғаттық мемлекет орнату.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу