Юлия Тимошенко өз кандидатурасын президенттікке ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Юлия Тимошенко өз кандидатурасын президенттікке ұсынды

23.01.2019

Украина оппозициясының лидері Юлия Тимошенко өз кандидатурасын президенттікке ұсынды. Ол билікке келсе, коррупциямен күресіп, жалақыны көтеріп, Батыспен интеграцияны жеделдетпек.

Социологиялық зерттеулерге қарағанда, Тимошенконы халықтың 16 пайызы қолдап отыр, Ал,  мемлекет басшысы Петр Порошенконың рейтингі 14 пайызға да жетпейді. Оның беделі жемқорлықпен тиімді күресе алмағаны үшін төмендеп кеткен. Айта кетсек, Украинада президенттік сайлау наурыздың 31-де өтеді.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу