Израиль әскері Иранның Сириядағы позицияларына соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль әскері Иранның Сириядағы позицияларына соққы берді

21.01.2019

Еврей мемлекетінің авиациясы өткен түнде Ислам Республикасының «Құддс» элиталық күштері мен Сирияның әуе қорғанысы жүйесін нысанаға алған. Дегенмен, Араб Республикасының армиясы Израиль ракеталарының көбін құлатқанын мәлімдеп отыр. Бақылаушылар болса, Израильдің Сирия үкіметіне жақтас 11 содырды мерт қылғанын хабарлайды.

Бұл операцияның басталуына Иранның Сирия территориясынан Израиль жаулап алған Голан жотасына зымыран жіберуі себепші. Ол ракетаны Израиль атып түсіргенін жариялады.

Айта кетсек, Израильдің ескі жауы Иран президент Башар Асадты қолдау үшін соңғы жылдары Сирияға мыңдаған жауынгер мен офицер жіберді.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу