АҚШ президенті Д.Трамп елдің жаңартылған зымырандық қорғаныс стратегиясын жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ президенті Д.Трамп елдің жаңартылған зымырандық қорғаныс стратегиясын жариялады

18.01.2019

Оның түпкі мақсаты – жаудың ракетасын әуеде құлатып, ғарышта зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін құру. «Біз америкалықтарды ракеталық шабуылдың кез келген түрінен қорғаймыз», дейді Ақ үй басшысы. Сонымен қатар, ол ұсынған баяндамада Құрама Штаттарға зымырандық соққы қаупі Солтүстік Кореядан, Ираннан, Ресейден, Қытайдан төніп тұрғаны айтылған.

Бұл стратегиясына сәйкес, АҚШ-ты қорғау үшін әскери лазерлер мен зымырандық шабуыл қаупін ескертетін космостық технологияны, жоюшы ұшақтар мен баллистикалық зымыран тәрізді қаруларды дамыту көзделіп отыр.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу