Иран ұшырған жерсерік орбитаға шыға алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иран ұшырған жерсерік орбитаға шыға алмады

15.01.2019

Иран АҚШ-тың қарсылығына қарамастан ұшырған жерсерік орбитаға шыға алмады. Мұны бүгін осы елдің Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар министрлігі мәлім етті. «Тасымалдаушы ракета екі кезеңнен сәтті өткенімен, үшіншісіне оның жылдамдығы жетпей қалды», - деді осы министрліктің басшысы Джавад Азари Джахроми.

Бұған дейін Құрама Штаттар Тегеранға ғарыштық зымыран ұшырса, оған қарсы экономикалық және дипломатиялық изоляцияны күшейтетінін ескерткен-ді. Алайда, Ислам Республикасының мәлімдеуінше, мұндай ұшырылымдар Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің 2231-ші резолюциясына қайшы келмейді.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу