Париждегі наубайханада жарылыс болып, 4 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Париждегі наубайханада жарылыс болып, 4 адам қаза тапты

14.01.2019

Тағы 47 тұрғын жараланды. Олардың 10-ы ауыр халде жатыр.

Алдын ала хабарларға қарағанда, Париждің орталық ауданындағы нан пісіретін орында газ жарылған болуы керек. Алапат дүрсілден жақын маңдағы үйлердің терезелері қираған. Қазір оқиғаның себебі анықталуда. Франциядағы Қазақстан елшілігі жарылыстан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында отандастарымыздың бар-жоғын тексеріп жатыр.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу