Францияда «сары кеудешелер» қозғалысы бейнекамералардың 60 пайызын істен шығарған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда «сары кеудешелер» қозғалысы бейнекамералардың 60 пайызын істен шығарған

11.01.2019

Францияда «сары кеудешелер» қозғалысы демонстрациялар кезінде бейнекамералардың 60 пайызын істен шығарған. Ол камералар, жолдағы көлік жылдамдығын анықтау үшін қойылған. Мұны елдің Ішкі істер министрі Кристоф Кастанье мәлімдеді.

Оның айтуынша, мұндай вандализм адамдардың өмірі мен жолдағы қозғалысты қауіпке душар етеді. Алайда, шерушілердің көбі видеокамералар халықтың, әсіресе, кедейлердің ақшасын тарту үшін орнатылды деген пікірде.

Францияда «сары кеудешелер» шеруі екі ай бұрын басталды. Олар алғашында жанармайдың қымбаттауына наразылық білдірсе, кейін ақылы автожолдар мен жылдамдықты асыру салығына қарсы ұрандар көтере бастады.

Осы аптада француз үкіметінің басшысы ескерткендей, «сары кеудешелер» акциясына қарсы шаралар бұдан былай күшейтіледі.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу