Германияның оңтүстігінде төтенше жағдай жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияның оңтүстігінде төтенше жағдай жарияланды

08.01.2019

Бүгін түскен мәліметке қарағанда, Германия, Швейцария, Австрияда Альпі тауынан қар көшкенде 5 адам қаза тауып, бірнешеуі жоғалып кеткен. Италияда екі альпинист мерт болды. Ал, Баварияның түскейінде қардың қалыңдығы жарты метрге, Альпінің теріскейіндегі Варнгау қаласында бір метрге жетіп отыр. Сондықтан, жолдарда көлік қатынасы тежеліп, талай пойыз кешіккен немесе тоқтаған. Кейбір аудандарда автомагистральдар мен мектептер жабылып жатыр.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу