АҚШ-та бораннан 1000-нан астам рейс кейінге шегерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та бораннан 1000-нан астам рейс кейінге шегерілді

28.12.2018

АҚШ-тың бірнеше штатында боран соғып, мыңдаған ұшақ рейсі кейінге шегеріліп немесе мүлдем доғарылды. Табиғи апат кезінде Даллас аймағында коммерциялық ұшақ турбуленттікке енген кезде, бір жолаушы мен экипаж мүшесі жараланған. Олар дереу ауруханаға жеткізілді.

Ауа райын бақылаушылар АҚШ-тың оңтүстік-шығыс бөліктерінде қалың қар мен жаңбыр жауатынын болжап отыр. Сонымен қатар, Құрама Штаттарда кеше кешкісін басталған дауыл кезінде 1000-нан астам ұшақ рейсі доғарылса, 4200-і кейінге қалдырылған. Бұдан бөлек, Луизиана мен Техастың оңтүстік-шығысында құйын көтеріледі деген хабар тарап отыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ  

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу