«Баян сұлу» фабрикасының тауарын 10-нан астам ел тұтынып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Баян сұлу» фабрикасының тауарын 10-нан астам ел тұтынып отыр

13.11.2014
«Баян сұлу» фабрикасының тауарын 10-нан астам ел тұтынып отыр

Қостанайлық кондитер өнімдерінің экспорты артып келеді. Бүгінде аймақтағы «Баян сұлу» фабрикасының тауарын әлемнің 10-нан астам елі тұтынып отыр.

Фабрикада жылына 40 мың тоннадан астам өнім өндірсе, соның 36 пайызы  алыс-жақын шетелдерге экспортталады.

Кәсіпорын техникалық құрылғыларын жыл сайын жаңартып, жетілдіріп отырады.

Кәсіпорын ұжымының алдағы мақсаты – қазақстандық брендті қалыптастырып, өнімдерін әлем бойынша танымал, өтімді тауарға айналдыру.

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу