АҚШ-тың бірнеше штатында әуе рейстері доғарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың бірнеше штатында әуе рейстері доғарылды

28.12.2018

АҚШ-тың бірнеше штатында боран соғып, мыңдаған ұшақ рейсі кейінге шегеріліп немесе мүлдем доғарылды. Табиғи апат кезінде Даллас аймағында коммерциялық ұшақ турбуленттікке енген кезде, бір жолаушы мен экипаж мүшесі жараланған. Олар дереу ауруханаға жеткізіліп, қажетті ем көрсетілгеннен кейін шығарылды. Ауа райын бақылаушылар АҚШ-тың және оңтүстік-шығыс бөліктерінде қалың қар және жаңбыр жауады деп күтіліп отыр. Кеше кешкісін басталған дауыл кезінде 1000-нан астам ұшақ рейсі доғарылса, 4200-і кейінге қалдырылған. Бұдан бөлек, Луизиана мен Техастың оңтүстік-шығысында құйын көтерілуі мүмкін екені ескертілді.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу