Афиныда жарылыс болып, 2 адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Афиныда жарылыс болып, 2 адам жараланды

27.12.2018

Грекия астанасы Афины орталығындағы шіркеу маңында жарылғыш құрылғы іске қосылып, салдарынан екі адам жараланған. Бірі – полиция офицері, екіншісі – жергілікті тұрғын. Олар дереу госпитальге жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Әзірге, шабуылды ешкім мойнына алған жоқ. Айта кетсек, оқиға болған квартал маңында бұған дейін шеруші-анархистер мен полицейлер талай рет қақтығысты.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу