АҚШ президенті Дональд Трамп Иракқа сапар шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ президенті Дональд Трамп Иракқа сапар шекті

27.12.2018

Ақ үй басшысы президент болған екі жылда бұл аймаққа алғаш рет барып отыр. Дональд Трамп пен оның жұбайы Мелания мінген ұшақ Бағдаттан 200 шақырым жердегі америкалық базаға қонған. Олардың сапары қауіпсіздік мақсатында құпия сақталған екен.

Трамп Иракқа америкалық жауынгерлер мен офицерлерге атқарып жатқан қызметі үшін алғыс айтуға және оларды Рождествомен құттықтауға барған. Сонымен бірге, Ақ үй басшысы Ирактан АҚШ жауынгерлері шығарылмайтынын мәлімдеді. Қазір бұл мемлекетте 5 мыңдай америкалық сарбаз бар.

Айта кетсек, жуырда Дональд Трамп Сириядағы әскердің барлығын, Ауғанстандағы контингенттің жартысын, яғни, 7 мың жауынгерді АҚШ-қа қайтаратынын мәлімдеген еді.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу