Боливияда тұрғындар президентке қарсы шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Боливияда тұрғындар президентке қарсы шеруге шықты

11.12.2018

Боливияның бірқатар ірі қалаларында шеру толқындары тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласып, 2 адам жарақат алып, 9-ы тұтқындалған. Халық, ел президенті Эво Моралестің 4-ші мерзімге сайлануына қарсы. Ашуға ерік берген демонстранттар полицияға тас лақтырып, қолдан жасалған гранаталармен қорқытқан. Кей деректерге қарағанда, елдің Ла-Пас қаласында керісінше Моралесті қолдаушылар шеруі өтіпті.  Айта кетсек, Эво Моралес мемлекет басшысы болып 2006 жылы сайланған. 2016 жылы елде референдум өтіп, оны биліктен аластату әрекеті еш нәтиже бермеді. Моралестің сөзінше, ол қызметінен кеткісі келсе де, оны қолдаушылар бой бермей басшылықта қалдырған.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ    

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу