АҚШ-тың оңтүстік-шығысында боран салдарынан 380 мың тұрғын электр жарығынсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың оңтүстік-шығысында боран салдарынан 380 мың тұрғын электр жарығынсыз қалды

10.12.2018

АҚШ-тың оңтүстік-шығысына боран 380 000 тұрғынды электр жарығынсыз қалдырды. Сонымен қатар, ауа райының қолайсыздығынан жүздеген рейс тоқтатылған. Боран  Каролина, Джорджия, Алабама, Теннесси және Вирджиния штаттарының тұрғындарын әбігерге салды. Ол аймақтарда қар жауып, күшті жел көтеріліп, ағаштар құлаған. Билік тұрғындарға жолға шықпауға кеңес береді. Өйткені, қазір жолдарды көктайғақ басып, қар аралас жаңбыр жауып тұр. Ұлттық ауа райы қызметі мұндай қолайсыздықтардың бүгін де жалғасатынын ескертті.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу