АҚШ-та алапат дауылдан 20 адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та алапат дауылдан 20 адам зардап шекті

05.12.2018

АҚШ-тың Иллинойс штатында алапат дауыл болып, 20 адам зардап шекті. Жараланғандар жергілікті ауруханаларға жеткізілген. «ТАСС» агенттігінің деректеріне сүйенсек, апат салдарынан жүздеген үй қирады. Бүгін зардап шеккен ғимараттар мен үйлерді жоғарыдан түсірген кадрлар жария болды. Көптеген үйлердің шатырлары құлап, қабырғалары қираған. Екпінді желден жарық беру жүйесі де бұзылды. Дауыл соққысынан, әсіресе, штаттың орталығында орналасқан Тейлорвилл қаласы зардап шегіп отыр. Ал, мұндағы жергілікті тұрғындар саны 11 мың шамасында екен.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу