Франциядағы қымбатшылыққа қарсы шеруге ЖОО студенттері қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Франциядағы қымбатшылыққа қарсы шеруге ЖОО студенттері қосылды

04.12.2018

Париждегі жалпыұлттық шерулерге жоғарғы оқу орындарының студенттері де қосылды. Олар наразылық акциясына қатысу үшін сабаққа бармаған. Сонымен бірге, кеше жедел жәрдем көліктерінің жүргізушілері де шерулеткен еді. Францияда президент Эммануэль Макронның реформаларына қарсы наразылық акциялары үш апта бойы жалғасып жатыр. Тұрғындар салықтың өсуі мен қымбатшылыққа қарсы. Шеру кезіндегі тәртіпсіздіктерден жараланғандар саны 133-ке жетіп, 412-сі қамауға алынған. Парламент елдегі жағдайды талқылау үшін алдағы екі күнде арнайы отырыс өткізбек.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу