Оңтүстік Корея азаматы Ким Чон Ян Интерполдың жаңа президенті болып сайланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Корея азаматы Ким Чон Ян Интерполдың жаңа президенті болып сайланды

21.11.2018

Интерполдың жаңа президенті болып Оңтүстік Корея өкілі Ким Чон Ян сайланды. Ал, ресейлік үміткер Александр Прокопчук жеңіліске ұшырады. Кимді бұл лауазымға осы Халықаралық полиция ұйымына мүше 194 елдің өкілдері Дубайда өткен конгресте таңдады.

57 жастағы Ким Чон Ян бұған дейін Сеул полициясында жұмыс істеген. Ол Интерпол басшылығына екі жылға сайланып отыр.  Ал, Прокопчуктың кандидатурасын бұған дейін АҚШ пен Еуропа елдері Кремльдің өзге елдердің ішкі істеріне араласуынан қауіптеніп, қолдамаған болатын.

 

 Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу