Кабулда жойқын жарылыс болып, 50 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кабулда жойқын жарылыс болып, 50 адам қаза тапты

21.11.2018

Кабулда неке сарайында жарылыс болып, 50 адам қаза тапты. Тағы 80-нен астамы жараланған. Соңғы деректерге қарағанда, бомба той залында іске қосылған. Мұнда мыңға жуық адам діни мерекеге орай жиналған екен. Алдын ала болжамдарға қарағанда, жанкешті жарылғыш затты адамдар қаптап тұрған жерде іске қосқан.

Бұл - Ауғанстандағы соңғы айларда жасалған ең үлкен шабуыл. Әзірге ол үшін жауапкершілікті ешқандай ұйым өз мойнына алған жоқ.

Айта кетсек, елде қазан айында өткен парламенттік сайлау барысында «Талибан» және «ДАИШ» қарулы топтарының шабуылдары жиілеп кеткен еді.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу