Венесуэла тұрғындары бензин үшін кезекте тұруға мәжбүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Венесуэла тұрғындары бензин үшін кезекте тұруға мәжбүр

14.11.2018

Мұнайға бай Венесуэла тұрғындары бензинге зәру. Жанармай сатып алу үшін адамдар ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр. Қараша айында бензин дефициті халқы көп Валенсия мен ел астанасы Каракаста да сезіліп отыр. Бұған мұнай бағасының арзандауы, энергетикалық шикізат өндірісінің қысқаруы, отынды жанармай станцияларына тасымалдаудың баяулауы себеп.

Былтыр Венесуэлада күніне 2 миллион баррель мұнай өндірілсе, қазір - 1,4 млн баррель ғана.

Айта кетсек, социалист президент Николас Мадуроның жетекшілігіндегі мемлекет экономикасы бесінші жыл қатарынан терең рецессияны бастан өткеріп жатыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу