Қонақ үйде тұратын иттер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қонақ үйде тұратын иттер

13.11.2018

Делиде халық түтіннен тұншығып жүргенде, ауқаттылардың иттері ауасы таза, музыкасы құлаққа жағымды қонақ үйде тұрып жатыр. Сонымен бірге, бұл отельдің қасында органикалық көкөніс фермасы бар. Ал, қонақ үйдің бір бөлмесінде тұру құны тәулігіне 28 доллардан басталады. Бұл сома қарапайым үндістандықтардың күнделікті орташа жалақысынан 5 есе жоғары. Тағы бір айта кететін жайт, мұнда бөлмелер ауа тазартатын машиналармен жабдықталған. Сонымен бірге, төртаяқты меймандар Канададан әдейі тапсырыспен жеткізілетін азықпен қоректенеді. Отельде спа-клуб та бар. Барлық жағдай жасалған қонақ үйде дипломаттар, саясаткерлер, бизнесмендердің иттері тұрып жатыр.

Үндістан астанасы - әлемнің ауасы ең лас қалаларының бірі. 20 миллионнан астам тұрғыны бар мегаполистің атмосферасындағы зиянды заттар мен газдың мөлшері тиісті нормадан 24 есеге асып кеткен.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ    

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу