АҚШ президенті Дональд Трамп елдің Бас прокурорын қызметінен босатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ президенті Дональд Трамп елдің Бас прокурорын қызметінен босатты

08.11.2018

Қазір бұл орынға уақытша Мэтью Уитакер тағайындалды. Джефф Сешнстің қызметтен кететіні туралы Құрама Штаттарда аралық сайлау нәтижелері жария етілгеннен кейін мәлім болды. Трамп экс-бас прокурорға оның отставкасы туралы хабарды өз әкімшілігінің басшысы Джон Келли арқылы жеткізген. Айта кетсек, Трамп пен Сешнс арасындағы келіспеушіліктер 2017 жылдың көктемінде басталған. Сол кезде соңғысы Ресейдің 2016 жылғы сайлауалды науқанға ықпалын тергеуге қатысудан бас тартқан еді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу