АҚШ Мексикамен арадағы шекараға 15 мың жауынгер жібермек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Мексикамен арадағы шекараға 15 мың жауынгер жібермек

01.11.2018

Құрама Штаттар Мексикамен арадағы шекараға 15 мың сарбаз жіберуі мүмкін. Мұны президент Дональд Трамп мәлімдеді. Пентагон болса, оңтүстік шекараны тұрақты күзететін 7 мың жауынгерді дайындап қойған.

Трамп Орталық Америкадан, соның ішінде, Гондурас пен Сальвадордағы кедейшілік пен зорлық-зомбылықтардан қашқан мигранттарды елге кіргізуге қарсы. Дегенмен, кейбір сарапшылардың пікірінше, Трамп осындай анти-иммиграциялық позициясымен келесі аптада конгреске өтетін аралық сайлау қарсаңында ұпай жинағысы келеді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу