Аргентинада 23 айдарлы құс жаппай қырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аргентинада 23 айдарлы құс жаппай қырылды

01.11.2018

Анд кондоры деген атаумен белгілі қанаттылар улы аңдардың етінен өлсе керек. Жергілікті тұрғындар жабайы иттер, тау арыстандары тәрізді жыртқыш аңдарды заңсыз түрде улы өлексемен қырып жүргені мәлім болды. Енді бұл іске қатысты тергеу басталады. Өйткені, әлемде ең ірі құс саналатын кондорларға таяу келешекте жойылу қаупі төнуі мүмкін.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу