Аргентинада шерушілерге резеңке оқ атылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аргентинада шерушілерге резеңке оқ атылды

25.10.2018

Аргентинада полиция Конгресс ғимараты жанында шерулеткен адамдарға қарсы резеңке оқ, газ қаруын қолданып, су шашты. Шерушілер өздерін күшпен таратпақ болған тәртіп сақшыларына тас, шыбық және қоқыс лақтырған. Наразылық акциясына мыңдаған мұғалім, әлеуметтік ұйымдар және солшыл топ өкілдері қатысты. Демонстранттар президент Маурсио Макридің қатаң үнемдеу шараларына қарсы. 2019 жылдың бюджет туралы заң жобасына сай, бюджеттік дефицитті жою үшін шығындарды қысқарту көзделген.  Айта кетсек, Аргентинаның қарызы өсіп, ұлттық валютасы құнсызданды. Биыл песо өз құнының 50 пайызын жоғалтқан.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу