Шымкентте «Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы жаңа мүмкіндіктер» форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте «Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы жаңа мүмкіндіктер» форумы өтті

07.11.2014
Шымкентте «Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы жаңа мүмкіндіктер» форумы өтті

Елімізде алғаш рет «Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық инвестициялық форум өтті.

Форумға Қазақстанның және әлемнің көптеген қаржы және даму институттарының басшылары мен 15 елден келген 500-ден аса кәсіпкер қатысты.

Оларға өңірдегі «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттің бағдарламасының екінші бесжылдығында жүзеге асырылатын 40-қа жуық жаңа жоба таныстырылды.

Іскерлік кездесулер қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында бірлескен жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөнінде жалпы сомасы 157 миллиард теңгені құрайтын 17 меморандумға қол қойылды.

Каземиж Марцинкевич, Польша Республикасындағы  кәсіпорындардың басқарма кеңесшісі:

Біз Қазақстанға 30-ға тарта кәсіпорын басшыларымен келдік. Кешегі күннің өзінде елдің солтүстік бөлігінен машина жасайтын зауыт ашу жөнінде келісімшарт жасалды.

Бүгінгі форумға келудегі мақсатымыз – өңірдің экономикалық жағдайымен танысып, бірнеше жобаларды жүзеге асыру бойынша келіссөздер жүргізу.

 

Айнұр АҚБАЕВА 

Хабарламаларға жазылу