«Интерпол» 93 елде рейд жүргізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Интерпол» 93 елде рейд жүргізді

18.10.2018

Әлемнің 93 елінде жүргізілген рейд кезінде 55 тонна есірткі заты мен миллиондаған дана синтетикалық таблетка тәркіленді. Мұны штаб-пәтері Францияның Лион қаласында орналасқан  халықаралық полиция ұйымы – «Интерпол»мәлімдеді.

Қыркүйектің ортасынан қазанның басына дейін өткен «Лайнфиш» атты операция барысында 1300 адам қолға түскен. Ал, есірткі заттары Бразилиядан Кот-д'Ивуарға аттанған кемеден және голландиялық үйдегі экстази зертханасынан табылса, Таяу Шығыста кең тараған «каптагон» таблеткалары тәркіленген.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу