Марсты зерттеу қаласы салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Марсты зерттеу қаласы салынады

17.10.2018

Біріккен Араб Әмірліктерінде Марстағы өмірді қайталайтын қала тұрғызылмақ. Құны 136 млн. долларлық жоба «Марс ғылыми қалашығы» деп аталады.

Дубай сыртындағы шөлде 17,5 гектар аумаққа салынатын нысан 4 күмбезден тұрады. Бұл - ғарыш қалашығының ең үлкен симуляторы. Мұнда ғалымдар 1 жыл бойы тұрып, зертханаларда  Қызыл ғаламшарда қуат, су, азық өндіру мүмкіндіктерін қарастырады. Және де олар адамзатқа, келешек жаңа ұрпақтың игілігіне қызмет ететін технологиялар ойлап табудан үмітті.

Сәулетшілердің сөзінше, ғарыш қалашығындағы лабораторияларда үш өлшемді баспа көмегімен Марстың климаты қайталанады. Сонымен бірге, бұл жерде ғарышты игеруге арналған мұражай ашылмақ. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу